31
март
2023
«RoboBalapan – 2023» республикалық балалар шығармашылығы
Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық – әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 31 наурызында «RoboBalapan – 2023» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңі өтті. Фестивальге 5-6 жастағы тәрбиеленушілеріміз Қайсабек Асылжан, Тұрдыбек Төрежан ата–аналары Кушербаева Гулжан Мирадовна, Омарова Динара Нұрлыбекқызы және жетекшілері Утегенова Шалкар Бияхметовнамен қатысты. Фестивальдің қорытындысы нәтижесінде мектебіміздің «Robotics» командасы жүлделі II орынды иеленді. Қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!