29
ноябрь
2024
Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының аудандық кезеңі.

2024 жылдың 28 – қарашасында Георгиевка орта мектебінің базасында республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
- Педагогтердің шығармашылық өзін – өзі жүзеге асыруына, кәсіби шыңдалуына, өсуіне мүмкіндік жасау;
- Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау, қолдау көрсету, пәндер бойынша білім сапасын арттыру, құндылыққа бағытталған білім беру мәселелерін қамтамасыз ету.
Фестивальға мектеп директорлары, білім беру мекемелерінің пән мұғалімдері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері, бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 52 мұғалім 4 бағыт бойынша қатысты:
1. «Білім беру жүйесіндегі менеджмент»;
2. «Шығармашыл толқын»;
3. «Сабақ аяқталған соң»,
4. «Шеберлік палитрасы» бағытында пән мұғалімдері 4 цикл бойынша өз білімдерін ортаға салды. Байқауға мектебімізден 4 мұғалім қатысты.
Нәтижесінде:
1. «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша мектебіміздің география пәні мұғалімі Бейсембаева Гузаль Муродиловна ІІ орын.
2. «Сабақ аяқталған соң» бағыты бойынша мектебіміздің математика пәні мұғалімі Самыжан Жанат Токтарбековна жүлделі І орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Сәттілік тілейміз! Ұстаздарымызды құттықтаймыз!