07
март
2024
«Шар қаласының дамуына сіңірген ерекше еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды
7 наурыз күні Шар қаласының Мәдениет үйінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында нәзік жандыларды мерекемен құттықтады. Отбасында бала тәрбиелеп, әр салада тыңбай еңбек етіп, қоғамның дамуына үлес қосып жүрген аналар еңбегі баршаға үлгі-өнеге екендігін айтып өтті. Шара барысында аудан әкімі мектебіміздің директоры Бейсембаева Меруерт Ертаевнаны «Шар қаласының дамуына сіңірген ерекше еңбегі үшін» төсбелгісімен, Алғыс хатпен марапаттады.
Көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған салтанатты шара аудандық Мәдениет үйі қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.
Көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған салтанатты шара аудандық Мәдениет үйі қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.