---
Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын
Ұстаздар күніне арналған салтанат. Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 5 қазанында Қалбатау ауылындағы аудандық Мәдениет үйінде ұстаздардың дәстүрлі кәсіби мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік шараға аудан әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлы, аудандық мәслихат хатшысы М.М.Оспанбаев, ардагер ұстаздар, аудан мектептерінің мұғалімдері, Жарма ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы, мекеме, ұйым басшылары, білім беру саласының мамандары қатысты.