27
март
2024
мектепалды сынып тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен жалпы ата-аналар жиналысы
27.03.2024ж күні мектепалды сынып тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Э.Д.Енсенова күн тәртібіндегі мәселе бойынша биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасатындығын айтты. Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 32 бала келеді деп күтілуде. Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3х4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданатындығын айтып, түсіндірме жұмысын жүргізді.