11
июнь
2024
"Балаларға қауіпсіз интерет күні" тақырыбында жұмыстар жүргізілді
11 маусым күні "Балдәурен" жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспарына сәйкес "Сауықтыру" бағыты бойынша "Балаларға қауіпсіз интерет күні" тақырыбында жұмыстар жүргізілді. Мақсаты: бүкіл әлемдік өрмек интернетке байланысты оқушылардың ойын нығайту, тапқырлық, ізденпаздық қасиеттерін қалыптастыру, интернеттің пайдасы мен зияны туралы айту. Таңғы бой жазу жаттығуларынан басталып, түскі ас берілді. Жалпы ортақ іс-шара "Менің интернетсіз бір күнім" тақырыбында презентация көрсетіліп, видеоролик ұсынылды, топпен постер құрды, балалар кітап оқыды, әртүрлі тапсырмалар орындады, пазл құрады,сергіту сәттері жүргізілді, үстел ойындары ойналды.Сонымен қатар интернетсіз аула ойындары ойналды."Шар тасу", "Су төкпе", "Шебер", "Кім жылдам" ойындары ойнатылды. "Табиғат білгіштері" тақырыбында "Өрт сөндіру" мекемесіне саяхат жасалды. Онда өрт сөндіру қауіпсіздігі туралы мағлұмат берілді, өрт сөндіргіш құралдарымен таныстырылды. Жоспарға сәйкес үйірме жұмыстарымен жалғасты.









