15
май
2022
"Отбасы - асыл қазына"
Мектебімізде 15 мамыр Отбасы күніне орай "Отбасы - асыл қазына" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тақырыптық жағдаяттар, ситуациялық сұрақтар, әртүрлі ойындар ойнатылды. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.