01
июнь
2022
«Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!»
1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтырылу демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы тұжырымдамаға сәйкес мектебімізде "Балдаурен" жазғы сауықтыру мектепішілік лагерьдің ашылу салтанаты өтті.
Бұл күні мектебіміздің ұстаздар қауымынан құрылған тәрбиешілер балаларды таңғы 09:00 ден тамаша көңіл-күймен қабылдап, "Мереке" атты флешмоб биімен таңғы бой жазу жаттығуларын жасатты. Балаларға таңғы ас беріліп, түрлі қызықты ойындар ойнатылды. Лагерь барысында тәрбиешілер балаларды қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткізген "Балалар жылы" атты концерттік бағдарламасын тамашалауға апарды. Концерттік бағдарламадан оралған соң тәрбиешілер балаларды 3 топқа бөліп, әр топтың атын, әнұранын, эмблемасын құрып, топ басшысын сайлады.
1 маусым Халықаралық балалар мерекесі құтты болсын!!!
Бейнеролик