«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты апталық
2019-2020 оқу жылында 03.12.2019-06.12.2019 аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты апталық өтті. «Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру жолдары» атты 9-11 сынып оқушылар арсында эссе жазу байқауы өтті
Мектепте «Сенім» телефоны және жәшігі оқушыларға және ата –аналарға оның не мақсатта құрылғаны туралы айтылып отырады. Бүгінгі күнге дейін ешқандай шағымдар түскен жоқ. Мектеп инспекторы Д.М.Амергазинмен мектеп әкімшілігі түнгі қала бойынша рейдтер ұйымдастырылыды. Барлық бұзылған үйлер, кафелерді аралап, нәтижесінде түнде жүрген оқушылар анықталмады.
«Бақытты отбасы», «зорлық-зомбылыққа төтеп берейік» атты фото конкурс өткізілді. «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермейік» атты ата-аналарға тренингті мектеп психологы К.С.Жумукбаева өткізді. Родителям «Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы» атты жадынама таратылды. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы мектеп инспекторының қатысуымен тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылар ойларын ашық айтып, көптеген сұрақтарына жауап алды.