«Елу жылда – ел жаңа»
Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу. Мектебімізде ағымдағы жылдың 04 маусымында 1972 жылы бітірген мектеп түлектерінің кездесуі өтті. 50 жыл! Бұл аз уақыт емес. «Елу жылда – ел жаңа» дейді дана халқымыз. Осыдан елу жыл бұрын өмірге келген баланың өзі ел ағасы атанады. Ал, мектеп бітірген түлектер үшін бұл – мүлдем бөлек. Көңілде мол арманмен сапарға аттанған бозбала мен бойжеткен бүгінде ақ бантигін ақжаулыққа айырбастаған әже мен басын бозқырау шалған ата болды. Ал, сол жандардың жарты ғасырдан