01
апрель
2022
"Халықаралық балалар кітабы"
Мектебімізде 2 сәуір "Халықаралық балалар кітабы" күніне орай, мектеп кітапханашысы Қ.Қ.Баймуратованың ұйымдастыруымен 1"Б" сынып оқушыларының қатысуымен кітап көрмесі өткізілді. Оларға бұрыннан таныс болмай келген кітаптар жайында айтылып, кішкентайлардың санасын ояту мақсатында қысқаша түсініктеме берілді.
Кітап күні 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай атап өтіледі. Көптеген елдерде балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында әлемнің үздік кітаптарына арналған байқаулар, көрмелер, конференциялар мен фестивальдар өткізіледі.