04
июнь
2022
«Елу жылда – ел жаңа»
Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу. Мектебімізде ағымдағы жылдың 04 маусымында 1972 жылы бітірген мектеп түлектерінің кездесуі өтті. 50 жыл! Бұл аз уақыт емес. «Елу жылда – ел жаңа» дейді дана халқымыз. Осыдан елу жыл бұрын өмірге келген баланың өзі ел ағасы атанады. Ал, мектеп бітірген түлектер үшін бұл – мүлдем бөлек. Көңілде мол арманмен сапарға аттанған бозбала мен бойжеткен бүгінде ақ бантигін ақжаулыққа айырбастаған әже мен басын бозқырау шалған ата болды. Ал, сол жандардың жарты ғасырдан кейінгі жүздесуін көрудің өзі бір ғанибет екен. Кездесуге сынып жетекшілері Дакиева Айтжан Дюсуповна да келді. Кездесу концерттік бағдарламамен басталып, түлектердің өткенді еске алумен жалғасты. Көкірегінде сағыныш сезімі ұялаған түлектер араға 50 жыл салып, алтын ұя мектептерінде кездесті. Жарты ғасырдан кейін кездескен азаматтар алтын ұяларына құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтарын табыс етті.
Бейнеролик
Бейнеролик