23
июнь
2022
"Балдәурен" лагерінің екінші маусымы басталды
Ағымдағы жылдың 23- маусымында " Абай атындағы мектеп-балабақша кешені" КММ жанындағы "Балдәурен" лагерінің екінші маусымы басталды. Балалар бұл күнді таңғы жаттығумен бастап, таңғы астан кейін топта өздерін таныстырумен жалғастырды. Топ тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен би билеп, қимыл қозғалыс ойындары балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Түскі астан кейін үйірме жұмыстары жүргізілді.
Бейнеролик
Бейнеролик