Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс-шаралар » "Абай атындағы мектеп-балабақша кешені" КММ
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы мектеп-балабақша кешені"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72345)2-18-46
Есепші бөлімі:
+7(72345)2-10-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп сайтына Қош келдіңіздер!
13
декабрь
2019

Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс-шаралар

Тәуелсіздік күніне орай мектепшілік іс-шаралар жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Жоспар бойынша төмендегідей іс-шаралар атқарылды.

09.12.2019 жылы  «Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаттары өткізілді.Тәрбие сағаттары дөңгелек үстел, әңгімі, ой-пікір түрінде өткізілді. Тәрбие сағаттарында оқушылар топқа бөлініп,  шаттық шеңберін құрып, тақырыппен таныстырылды. Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін бір минуттық үңсіздік жарияланды. Желтоқсан оқиғасы туралы презентация көрсетіліп, деректі фильмдерден үзінді көрсетілді. 

09.12.2019 жылы мектеп кітапханасында «Тәуелсіздік-Мәңгілік ел мұраты» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханада еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектері және тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылған  кітап көрмесі  жасалды.  Көрменің басты мақсаты: Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, тұңғыш Президент     Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту. Көрмеде еркіндікті аңсап, азаттықты көксеумен келе жатқан еліміздің тарихын баяндайтын саяси күресі,  Тұңғыш Президенттің ғибратты ғұмыры, елмен етене өмірі, еліміздің егемендікке жету жолы, мемлекет құру, экономикасы қуатты, саясаты тұрақты, ынтымақшыл ел жасау жолындағы қасиетті тарихымыз,  мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының мақсаты мен мүддесін айқындайтын әдеби туындылар қойылған.

10.12.2019 жылы   «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» тақырыбында 5-11 сынып оқушылар арасында қабырға газеті байқауы ұйымдастырылды. 

11.12.2019 жылы Мектебімізде 9-11 сыныптар аралығында «Тәуелсіздік,  тұрақтылық – ел бірлігінің кепілі » атты дөңгелек үстел өтізілді. Оқушылар ат салыса қатысып әркім өз ойын ақтарды. Бірінші кезекте «Желтоқсан құрбандары» тақырыбына бейне таспа қосылып, слайд көрсетілді. Оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, желтоқсан құрбандарына жекелей тоқталды. Әр сынып тақырыпқа сай өлең жолдарын оқыды. Желтоқсан құрбандарына арнап көрме ұйымдастырылды. Соңында оқушыларды топқа бөліп «Гүлдене бер-Қазақстаным!» тақырыбына шығармашылық жұмыс берілді. Оқушылар қызығушылықпен орындады.

12.12.2019 күні  «Сүйемін туған, дархан елімді» тақырыбында 3 тілде шығарма байқауы ұйымдастырылды. Байқауға   1-4  сынып оқушыларынан 18 оқушы қатысты. Бұл сайыстың мақсаты, оқушыларға туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілігін ояту, Отанды құрметтеуге шақыру, патриоттық тәрбие беру. Ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, өлеңді  үш тілде жатқа айту арқылы тіл байлығын арттыру.  Мәнерлеп оқу қабілеттерін анықтай отырып, жеңіске 

жеткен баланы қала көлемінде өткізілетін мәнерлеп оқу сайысына 

қатыстыру.Сайысқа 1 «а» сыныбынан - 4 оқушы,  2 «А» сыныбынан- 3 оқушы, 2 «Б» сыныбынан -4 оқушы,   3 «А» сыныбынан -3 оқушы,   4 «А» сыныбынан -3 оқушы,  4 «Б» сыныбынан-3 оқушы қатысты.

Барлығы -19 оқушы қатысты.Олар   Отан, туған жер туралы өлеңдерін үш тілде мәнерлеп оқыды.Сайыс барысында «Тәелсіздік шежіресі», «Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған» слайдтары мен  «Мен өз елімнің патриотымын!» атты бейне ролик көрсетілді.3 «А» сынып оқушысы Адилахим Мұхамед «Қазақстан бақыты» әнін орындады.Ең үздік, мәнерлеп оқыған оқушылар марапатталды. Олар:Қазақ тілінен:   І орын   Рыспек Азиз 1 «А» сынып оқушысы,  Тугушева Аяулым  ІІ орын   4 «А» сынып оқушысы,  Ахмет Ерсұлтан   ІІІ орын  2  «А» сынып оқушысы.Орыс тілінен:  Амангелді Дария  3 «А» сынып оқушысы  ІІІ орын,    Рапиева Альбина  4 «Б» сынып оқушысы ІІ орын, 4  «Б» сынып оқушысы   ІІ орын. Ағылшын тілінен: Ибраим Жігер 2 «Б» сынып  оқушысы ІІІ орынды иеленді.

12.12.2019 жылы 5-9 сынып  арасында «Жігерлі жас сарбаздар» әскери –спорттық, патриоттық сайыс өткізілді. Сайыс 2 кезеңнен өтті. 1-кезең «Әскери кросс», 2-кезең «Мергендер».  Сайсқа барлығы 7 топ қатысты. 1-орынды 6 сынып «Достық» тобы , 2-орынды 7 сынып «Сарбаздар» тобы, 3-орынды 7 сыныптың екінші   «Жастар» тобы иеленді. Әскери –спорттық, патриоттық сайыс өтте тартысты өтті.

13.12.2018 жылы «Желбірей бер тәуелсіздік байрағы» тақырыбында салтанатты мерекелік кеш өтті. Кеште оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, белсенділік көрсетті. Даярлық топ тәрбиеленушілері «Тәуелсіз ел ұраным!» әнін  хормен айтса , 1-4 сынып оқушылары әдеби-монтаж, 9-10 сынып оқушылары «Тәуелсіздік тарихына шолу»  тақырыбында  көрініс қойып, 2 а сынып оқушысы Адилахим Мұхамед және Жаңбырбаев Нұржігіт   «Қазақстан бақытты », 10 сынып оқушылары Кушербаева Карина мен Аркашева Алуа «Қазақстаным алға » әнімен ән шашу шашты. Сонымен қатар, желтоқсан оқиғасы баяндалатын бейне жазба көрсетіліп, қазақ биі биленіп, тақырыптық әндер айтылды.























Фотогалерея
1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ«Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз» мейрамы атты тәрбие сағаты"Бәрі де, ана бір өзіңнен басталады" атты мерекелік іс-шара"Анам,әжем және мен" тақырыбында ертеңгілік“Анам, әжем және мен” ертеңгілік«Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады!» сынып сағаттары"Абысын-ажын" байқауы«Мамандығым-мақтанышым» ардагерлер мен жас мамандар кездесу кеші«Алғыс айту - парызым»
Күнтізбе
«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Дауыс береміз
Сайтымызды бағалаңыз