16
January
2019
Жаңа жыл
2018 жылы 27 желтоқсан айында даярлық топ, 1 «А» және 1 «Б» сыныптарында «Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!» тақырыбында мереке өтті. Мерекеге оқушылар, ата-аналар, ұстаздар қатысты. Әсем безендірілген бөлмеде жаңа жылдық шырша жанында түрлі карнавалдық киім киген балалар айналып жүрді. Олар Жаңа жылға арналған әндерін шырқады, жаттаған өлеңдерін оқыды. Ертегі, мультсериалдар кейіпкерлердің киімін киген қатысушылардың ұйымдастыруымен түрлі ойындар ойнап, би биледі. Даярлық топтың балалары « Шашу» биін билеп, « Шырша жыры» әнін айтты. 1 «А» сынып оқушылары гномдар киімін киіп, « Гномики- лилипутики» биін биледі. 1 «Б» сынып оқушылары доңыз киімін киіп, «Жаңа жыл» биін биледі. Жаңа жылдық мереке балалардың көңілінен шықты. Олар ойындарға, билерге бар ықыласпен қатысты. Мерекеге ата-аналар да карнавалдық киім киіп, белсене араласты.
Мереке балалардың, ата-аналардың, қонақтардың көңілінен шықты.
Мереке балалардың, ата-аналардың, қонақтардың көңілінен шықты.