11
May
2022
Ата-аналарымен жиналысы
Ағымдағы жылдың мамыр айының 11 күні 9 және 11 сынып ата-аналарымен жиналыс өтті. Жиналыста мектеп директоры А.К.Абильмажинов «2021-2022 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі №159 бұйрығымен таныстырды. Сонымен қатар, соңғы қоңырау, аттестат тапсыру салтанатты рәсімі туралы, колледждер мен ЖОО-на құжат тапсыру рәсімі таныстырылды. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өзара пікір алмасты.