23
November
2021
Жалпыадаматтық Құндылықтар Күні
23 қараша - Жалпыадаматтық Құндылықтар Күні қазақстандық педагогтердің, оқушылармен ата-аналардың мектеп өмірінде дәстүрге айналды. Бүгінгі күні 1-11 сынып оқушыларымен жалпыадамзаттық құндылығымызды дәріптеу бағытында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.1-4 сынып арасында «Бес құндылығымызды бойымызға сіңірейік» тақырыбында таныстырылым көрсетіліп, түсінік жүргізілді.Соңынан оқушылар «Бес құндылық»әнін айтты. 5-7 сыныптар арасында «Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізіліп, бейне таспа көрсетілді.8-11 сыныптар арасында «Жалпыадамзаттық құндылықтар-тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеудің негізі» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылып, таныстырылым арқылы тиімді материалдар көрсетілді. Жоспарланып отырған жалпыадамзаттық құндылықтар күнінің ерекшелігі-оның интеграциялық сипатында. Өзіңді және қоршаған әлемді тануға мүмкіндік беретін өмірдің түрлі салаларындағы білімдер оқушыларға «бақыт», «бақытты өмір», «өмірлік күш» ұғымдарының шынайы мән-мағынасын ашады.