11
февраль
2024
«Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы
9 ақпан 2024 жылы Абай облысы Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Дәулет Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде Ауған соғысының ардагері «Құрмет» орденінің иегері Бургажинов Тілеухан Әнуарбекұлын еске алуға арналған «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы тәрбиеленушілері арасында облыстық әскери-қолданбалы спорт түрлерінен турнирі өтті. Аталған шараға облысымыздың аудандарынан 6 команда, соның ішінде Жарма ауданынан 2 команда қатысты.
Нәтижесінде мектебіміздің 10-сынып оқушысы Айгожанова Дильназ автоматты толық емес бөлшектеу және жинақтаудан ІІІ орын, "АК автоматты толық емес бөлшектеу және жинақтауда" командалық ІІ орын, "Кермеге тартылу" бойынша ІІ орын және жалпы командалық ІІІ орынды жеңіп алды. Жетекшісі: Кушербаева Гульжан Мирадовна. Мектеп абыройын асқақтатқан «Жас сақшы» командасын және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз!
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма