06
March
2024
“Абай оқулары” республикалық байқауының нәтижесі
Абай Құнанбайұлының шығармашылығын мектеп оқушылары арасында насихаттау, оқушылардың өлең оқуға ынтасы мен талабын ашу, көркемдік шеберлікті шыңдау мақсатында қашықтықтан ұйымдастырылған “Абай оқулары” республикалық байқауының нәтижесі бойынша мектебіміздің кіші орталығының тәрбиеленушісі Мұратов Бекарыс жүлделі I орынға ие болды. Жетекшісі: “Күншуақ” кіші орталығының тәрбиешісі Куттыбаева Мунира Толемысовна. Жеңімпаз атанған тәрбиеленушіміз Бекарысты жеңісімен құттықтап, таудай талап тілейміз!