08
февраль
2024
жалпы білім беретін пәндерден 5-6 сынып оқушыларының республикалық пәндік олимпиадасының аудандық кезеңі
2024 жылдың 1-2 ақпанында Жарма ауданы білім беру мекемелерінде жалпы білім беретін пәндерден 5-6 сынып оқушыларының республикалық пәндік олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданың аудандық кезеңіне жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндерінен 12 оқушы қатысты. Нәтижесінде мектебіміздің 5 «А» сынып оқушысы Нағашбай Аяжан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІ орынға ие болды (жетекшісі А.С.Қабышева); 5«А» сынып оқушысы Архат Гүлім, 6 «А» сынып оқушысы Ахметкәрім Ерсін тарих пәнінен ІІІ орынға ие болды (жетекшісі Л.Т.Толеугазинова). Оқушылар мен жетекшілерін құттықтаймыз!
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма