30
November
2019
«Ұлағатты ұстаздар ұстаханасы» тақырыбында тәжірибелі ұстаздар апталығы
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, аға буын ұстаздардың іс-тәжірибесін насихаттау, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында инновациялық педагогикалық тәсілдерді сабақта тиімді қолдану мақсатында Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінде 25.11-29.11.2019ж. аралығында «Ұлағатты ұстаздар ұстаханасы» тақырыбында тәжірибелі ұстаздар апталығы өтті. Апталық барысында аға буын ұстаздар ашық сабақтар беріп, сабақ барысында инновациялық технологияларды тиімді қолданып, мектеп көлемінде өз іс-тәжірибелерін таратты.