10
December
2019
"Кең байтақ Отаным - Қазақстан"
10.12.19ж күні балабақшаның "Балдырған" тобында "Кең байтақ Отаным - Қазақстан" тақырыбында тәрбиеші Кайрбекова Ғалия Садыкбаевна ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Сабақ барысында тәрбиеленушілер Қазақстан Республикасының рәміздері, Отан, Тәуелсіздік, ана тілі туралы өлең жолдарын жатқа оқыды. Қазақстан қалаларын, облыс орталығын атай алды. Сонымен қатар, музыкалық жетекші Б,Ж.Жакуповтың сүйемелдеуімен Отан туралы ән айтты. Топқа бөлініп, суреттерді бояды, мақал-мәтелдер айтты. Сергіту сәті өтті. Жалпы сабақ кішкентай тәрбиеленушілер бойында Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін ұшқындатты.