“Отбасым алтын бесігім” тақырыбында кітап көрмесі
Мектебімізде Отбасы күніне орай 1-8 сынып оқушыларымен “Отбасым алтын бесігім” тақырыбында кітап көрмесі өтті. Көрменің мақсаты: өскелең ұрпақты өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, бауырмалдық, мейрімділік сезімін ояту, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне отбасының ықпалы мол екендігін ашып көрсетер әдебиеттер қамтылды. Соның ішінде қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті