Республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңі
2022 жылдың 5-мамырында Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес 8-10-сынып оқушылары арасында республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңі өтті. Мақсаты: - оқушылар арасында Ұлы Абай шығармаларын насихаттау, өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру; - шығармашыл оқушыларды қолдау. Абай оқуларына қатысушылар 6 бағыт бойынша бақтарын сынады: 1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»- Абай шығармаларын жатқа оқу; 2. «Көңілім әнді ұғады» -Абай мен Шәкәрімнің әндері мен